Гаитиді қалпына келтіруге 14 миллиард долларға жуық қаржы керек

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Гаитидегі зілзаланың салдарын жоюға және елді қалпына келтіруге шамамен 14 миллиард доллардай қаржы қажет.

Гаитиді   қалпына келтіруге    14 миллиард  долларға жуық  қаржы керек

Америкааралық Даму банкі осындай мәліметті жария етті, деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.

Қаржы ұйымының бағалауынша, ол зілзала соңғы 65 жылдағы ең зұлмат табиғи апаттардың бірі болып отыр. Ауқымдылығы жағынан мұндай үлкен табиғи апат, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінен бері әлемде әлі болмаған, делінген ұйымның есебінен.

Естеріңізге сала кетейік, Гаитиде қаңтардың 12-сінде болған зілзала салдарынан 200 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам баспанасыз қалып отыр.