Гаитилік балалар «қара донорларға» сатылуда
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Гаити Премьер-Министрі Жан-Макс Беллерив американдық CNN телеарнасына берген сұхбатында, Гаитиде балаларды заңсыз сату фактілері орын алып жатқанын мәлім етті,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Отбасыларынан айырылған және туған-туыссыз қалған балаларды тіркеу - үлкен проблема болып отыр. Қызыл Крест халықаралық комитетінің мәжілісінде біз осы мәселені талқыладық», деп хабарлады премьер-министр.
Оның айтуынша, гаитилік балалардың «қара донорлыққа» сатылып жатқандығы туралы жантүршігерлік хабар келіп түскен «Балалардың органдары (ағзалары) зілзала кезінде зардап шеккен басқа балалар мен ересектерге сатылып жатқан көрінеді. Қазір кез-келген ағзаға сұраныс бар», дейді үкімет басшысы.
Жан-Макс Беллерив сондай-ақ, ата-анасыз қалған балаларды тіркеу үшін биліктің қолынан келгенше әрекет етуге тырысып жатқанын айтып өтті. Бірақ, оның айтуынша, бұл оңай іс болмай тұр. «Балаларды сату, еліміз үшін зілзаладан кейінгі басты проблема болып отыр», - деп түйіндеді өз сөзін премьер.