Гаитилік балаларды дәрігер Рошальдің бригадасы емдеуде

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Дәрігер Рошальдың бригадасы Гаитидегі зілзаладан зардап шеккен гаитилік балаларды емдеуді бастады,

Гаитилік балаларды дәрігер Рошальдің бригадасы емдеуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бригадада Мәскеу жедел балалар хирургиясы және травматологиясы ғылыми-зерттеу институтының сегіз қызметкері бар. Олар көптеген елдердегі зілзалалар кезінде балаларға көмек көрсетуден мол тәжірибе жинақтаған.

Дәрігерлердің іссапары бойынша барлық шығындарды Халықаралық апаттар және соғыстар кезінде балаларға көмек көрсету қайырымдылық қоры көтереді.