Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сақтау әрбір азаматтың перзенттік парызы ? Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сақтау әрбір азаматтың перзенттік парызы.
None
None
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың 20 жылдығына арналған «ХХІ ? ядросыз ғасыр» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Адамзатқа орасан қайғы- қасірет әкеліп, қасиетті жерімізді, табиғатымызды орны толмас шығынға ұшыратқан бұл зардап ешқашан ұмытылмақ емес. Табиғат пен Жер- ана баршамыздың ортақ үйіміз болғандықтан, экологиялық мәселелер әлемдік қоғамдастықтың ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылмақ. Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен сақтау әрбір азаматтың перзенттік парызы. Өздеріңізге мәлім, Елбасымыздың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ ядролық қарудан бас тартуы әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі. Қазіргі таңда еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық біздің ең негізгі байлығымыз бен жетістігіміз болып отыр», деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.
Соңғы жаңалықтар