Ғаламшарда ең көп тараған «ОК» сөзіне 175 жыл толды
Бұл сөз 1839 жылдың 23 наурызында сол кезеңдегі АҚШ-тағы ең танымал басылымдардың бірі болған The Boston Morning Post газетінде жазылған еді.
«ОК» сөзінің шығу тегіне қатысты нұсқалар өте көп. Солардың біріне қарағанда, XIX ғасырдың 30 жылдарында басылым беттерінде қысқарған сөздерді қолдану сәнге айналып, Бостон газетінің журналистері бәрі дұрыс деген мағынаны білдіретін "oll korreсt" сөзін қысқартып "ОК" деп қолдану идеясын ұсынған.
Тағы бір деректерге қарағанда, АҚШ-тың жетінші президенті Эндрю Джексонның сауатсыз болғандығы соншалық ол мемлекеттік қағаздарда "all correct" деп жазудың орнына "oll korreсt" деп жазып жіберген көрінеді.
Ал кейбіреулердің пікірінше, "окей" сөзі гректердің "ola kala", француздардың "auх Cayes", шотландықтардың "och aye" сөзінен шыққан. Тіпті кейбіреулер оны орыстың "очень хорошо" деген сөзінен шыққан деп те жүр. Яғни, ағылшын тілінде "х" әрпі жоқ, сондықтан қысқарған кезде "к" әрпіне ауысқан-мыс.
Бұл сөз соғыс кезінде туындаған деген де пікірлер бар. Егер соғыс күнінде ешкім өлмесе, онда баянхатта "0 killed" ("өлгендер 0"), қысқартып "ОК" деп жазған.