Ғаламторда танымал болған «ашулы мысықтың» арқасында оның иелері мультимиллионер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық БАҚ-тың мәліметтерінше, үй жануарының бір жылдық табысы Мэтт Дэймон, Мэттью Макконахи, Николь Кидман және Кэмерон Диаз сияқты жұлдыздардың қаламақыларынан асып түсті. Бұл туралы британдық The Daily Mirror газетіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлайды.
None
None

Ғаламторда Соус Тардар, немесе «ашулы мысық» (Grumpy cat) ретінде танымал үй жануарының иелері оның арқасында 99,5 млн доллар табыс тапты.

«Мысығымның суреті әлеуметтік желілерге шыққан күннен бастап мен даяшы болып жұмыс істей алмадым - ұялы телефоным фанаттар мен түрлі коммерциялық ұсыныстардан «жарылып» кете жаздады», - деп баяндады тілшілерге ғаламтор-жұлдызының иесі Табата Бундесен.

Мысықтың «жұлдызды өмірі» 2012 жылы оның суреті ғаламторға салынған кезден бастап танымал болды. Сол кезден бастап «ашулы мысық» түрлі қалжың суреттер мен карикатуралардың кейіпкеріне айналды. Оның бейнесі кәдесыйлық өнімдер түрінде шығарылуда, жануардың өзі талай ток-шоулар мен телеарналардың кейіпкері болды. Қарашаның соңында Соус Тардардың қатысуымен экранға «Ашулы мысықтың ең жаман Рождествосы» атты телевизиялық фильм жарыққа шықты. Ол туралы шыққан кітап 15 тілде жарық көрді. Харизмалық жануардың фанаттарының саны да таңқалдыруда - оның Facebook-те 6 млн.-нан астам және Twitter-де 255 мың жазылушысы бар.

Соңғы жаңалықтар