Ғаламторды пайдалану саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ мен «Alem Communications Holding» ЖШС арасында Ғаламтор желілеріне қосылу үшін ұсынылатын арналар саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды АҚ-ның баспасөз қызметі.

Ғаламторды пайдалану саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Қол қойылған құжат аясында Alem Communications Holding өз абоненттерінің Ғаламтор желісін пайдалана алуы үшін ел аумағы бойынша «Қазақтелеком» компаниясының ғаламтор-арналарын пайдаланатын болады.

«Екі жаққа да тиімді әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, қызмет сапасын арттыру мен олардың түрлерін кеңейту, технологиялық новигациялар мен таривтік саясат біздің компанияның маңызды бағыттары болып табылады», - деді «Қазақтелеком» АҚ бас коммерциялық директоры Асқар Есеркегенов.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы операторымен ынтымақтастық орнату «Alem Communications Holding» ЖШС-на өз абонеттері үшін сапалы Ғаламтор қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. «Біздің Қазақстанда кабельді және сымсыз Ғаламтор желілерін дамытуға қатысты үлкен жоспарларымыз бар. Біз ірі стратегиялық әріптеспен ынтымақтастықта болуға мүдделіміз», - деп мәлім етті «Alem Communications Holding» ЖШС бас атқарушы директоры Григори Григоров.