18:38, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ғаламторға шығарылатын күмәнді ақпараттарға заңмен шектеу қойылады
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы В. Бобров кіріспе сөзінде Палата қабырғасында заң жобасының қалай талқыланатыны көзделіп отырғандығына тоқталды. Жұмыс тобының жетекшісі Мейрам Пішембаев отырысқа төрағалық етті. Заң жобасының мақсаты жөнінде Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев баяндама жасады. Заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беруді реттеудің жаңа тетігі ұсынылады. Соған сәйкес, ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпарат анықталған жағдайларда, сотқа міндетті түрде талапты енгізумен осы ақпаратты жариялауды тоқтата тұру туралы шешім прокуратура органдарымен қабылданатын болады. Заңнамаға сәйкес келмейтін ақпараттың жариялануын тоқтату туралы прокуратура органдарының шешімі провайдерлерге барлық ақпараттық-комуникациялық желілерде аталған ақпаратқа қол жеткізілімін соттың шешіміне дейін тоқтатуға мүмкіндік береді.Осы іс-шараларды іске асыру мақсаттарында сотқа міндетті түрде талапты енгізумен, прокурорға мүмкіндік беретін (бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін) ақпараттың жариялануын тоқтату туралы қаулының нормасын «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізу ұсынылған.Сондай-ақ заң жобада шетелдік интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты орналастыру туралы өтінім сот іс-жүргізудің негізгі тәртібінде сотпен қаралатын болады. Осындай өндіріс бастапқы кезеңде жауап берушінің болмауын болжайды.Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан сайттарға қатысты істерді қарау іс-жүргізудің талабының тәртібінде жүзеге асырылатын болады.Заң жобаны қабылдау ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беру үдерісіндегі қатынасты заңнамалық реттеудің қағидаттарын сапалы өзгертуге әкеледі. Баяндамашыға депутаттар Ж.Дүйсебаев, Е.Каппель, В. Вишниченко, М.Әбенов, Ш.Өтемісовтер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Заң жобасы алдағы күндері жұмыс тобының отырыстарында талқыға салынатын болады.