Galaxy S6 және S6 Edge үлгілерінің таныстырылымы өтті

Бұл смартфонды инновацияның ең соңғы үлгісі деуге болады. Ең жоғарғы мобильді процессор және жадының жаңа жүйесі энергияны үнемдей отырып, жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 80 минуттың ішінде телефонды толық қуаттандыруға болады.
Құрастырушылар экрандағы көріністі жарқын әрі тереңдете түскен. «Мен жаңа, бірегей дизайнды атап айтқым келеді. Әйнек пен металлдан жасалған өте жұқа пішіні де заманға сай. Және бұл смартфонның бағасы өткен жылдың үздіктерінен қымбат емес. Себебі біз өз өнімдеріміздің қолжетімді болғанын қалаймыз», - дейді Samsung Electronics Central Eurasia президенті Юнсу Ким.
Кеш қонақтарына жаңа смартфонның түсіру камерасы ерекше ұнады. Өйткені оның жаңартылған объективі мен автоматтандырылған жүйесі бейне көріністі ашық өте сапалы көрсетеді. Сондай-ақ суретті жүріп келе жатып та, ашық күннің астында және тас қараңғыда да түсіруге болады.
Жаңа смартфондар саудаға 17 сәуірден бастап шығарылады. Сатып алушылардың алғашқы қатарында болғыңыз келсе, қазірден бастап өндірушілердің сайтына алдын ала тапсырыс беруге болады.