Галбадрах Отгонцэцэг Әбу-Дабидегі Grand Slam-де жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг «Grand Slam» турнирінде ең жеңіл - 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Галбадрах Отгонцэцэг Әбу-Дабидегі Grand Slam-де жеңіске жетті

Қазақстандық дзюдошы алдымен франциялық Коршер Сефораны жеңіп, жартылай финалда Испания спортшысы Юлия Фигуероны тізе бүктірді.  Финалда Галбадрах сербиялық Милиса Николиудан басым түсті.