Ғалымдар Данияда көшкін қаупі күшейіп жатқанын ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — Данияда шамамен 4 мыңға жуық лай көшкіні тіркелді, олардың ішінде белсенділері де, уақытша тұрақталғандары да бар және олардың белсенділігі артып келеді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Ғалымдар Данияда көшкін қаупі күшейіп жатқанын ескертті
Фото: АЗЕРТАДЖ

Дания мен Гренландияның Ұлттық геологиялық институтының (GEUS) мәліметтері бойынша, көптеген лай көшкіні жүздеген жыл бұрын басталған, бірақ климаттың жылынуы мен ылғалды қысқа байланысты топырақ қозғалысы күшейген.

GEUS геологы Кристиан Свенневигтің айтуынша, жер асты суларының деңгейі көтерілгенде, лай жиі және жылдамырақ қозғала бастайды. Құрғақ қыста белсенділік дерлік тоқтайды.

Ең осал аудандардың бірі Вайле қаласының маңы, мұнда көшкін жылдамдығы ерекше ылғалды қыста жылына сегіз сантиметрге жетуі мүмкін, ал жер асты суларының деңгейі шамамен жарты метрге көтеріледі. 2100 жылға қарай қыс кезінде жерасты суларының деңгейі 0,7 метрге көтеріліп, көшкіннің санын арттырады.

Вайледен бөлек, белсенді көшкін елдің басқа аймақтарында да байқалады. Ғалымдар бұл табиғи процестер екенін ескертеді, бірақ климаттық өзгеріс жағалаулардың эрозиясын жылдамдатып, елдің ландшафтының өзгеруіне әкеледі.

Свенневиг атап өткендей, бұрын жүз жылда бір рет болатын тасқындар енді үш жыл сайын қайталануы мүмкін. 

Айта кетелік Орталық Вьетнамда көшкін жүріп, үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді

Соңғы жаңалықтар