Ғалымдар киік санын реттеу турлы биологиялық негіздемені қашан әзірлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Киік санын реттеуге, аулауға қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі әлі дайын емес. Экология министрі Ерлан Нысанбаев бұл маңызды құжаттың келесі аптада дайын болатынын айтуда.

Ертіс-Баян өңірінде киік саны 5 есе көбейген
Фото: gov.kz

− Зоология институты бұл құжатты әлі де созып отыр. Бұл бізді де қобалжытады. Себебі солардың берген негіздемесіне қарай тездетіп әзірлік жұмысын бастап кетуіміз керек. Біз оны мамырдың орталарында төлдеу біткен соң аламыз ба деп ойладық. Себебі өткен жылғы төлден кейінгі санақты жүргіздік, сосын олардың қанша төл беретінін белгілеу керек болды. Сол себепті біраз созылды. Өткен жылғы төлді есептегенде болжам 4 миллионнан асатын, Енді болжам бойынша қанша пайыз төл берді, сол болжамды келесі жылға дейін назарда ұстаймыз, − деді Е. Нысанбаев Сенатта өткен брифингте.

Егер киікті аулауға рұқсат берілсе, бұл іс-шаралар күзде басталады.

Сонымен қатар, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылым жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы Әлжан Шәмшідін киікке қатысты жасалған зерттеулер жөнінде түсінік берді.

Оның пайымынша, еліміздегі 4-5 млн киіктің жыл сайын 20 пайызын етке пайдалануға беруге болады. 

Соңғы жаңалықтар