Ғалымдар Шығыс Қазақстанда жәндіктердің жаңа түрін тапты
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Катонқарағай ұлттық паркінің ғылыми бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан аумағындағы қандалалардың (Heteroptera) жаңа түрі табылғанына арналған кезекті ғылыми мақаланы жариялады.
Зерттеу жұмысында Pentatomomorpha инфраотрядына жататын 8 тұқымдастың 27 түрі жөнінде жаңа деректер келтірілген.
Шығыс Қазақстан фаунасы үшін алғаш рет 14 түр тіркелсе, оның 2 түрі Катонқарағай ұлттық паркі аумағында алғаш рет анықталды.
Сонымен қатар, 13 түр бойынша жаңа жиналу нүктелері көрсетілген.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан аумағындағы Pentatomomorpha (Heteroptera) инфраотрядының фаунасы 21 тұқымдасқа жататын 268 түр.
Мақала Еуразиялық энтомологиялық журналда жарияланып, еліміздің биоалуантүрлілігіне қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға қолжетімді.
Айта кетелік Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалған еді.