Ғалым Қазақстанға төнген метеорит қаупі туралы хабарламаға пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фесенков атындағы астрофизикалық институттағы Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, професстор Виктор Тейфель бірқатар БАҚ-та жарық көрген Қазақстан мен Ресейге төнген метеорит қаупі туралы америкалық ғарыш агенттігінің (НАСА) ескертуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Хабарламада НАСА спутниктерінен түскен ақпаратқа сәйкес, «жақын күндері Ресей мен Қазақстан аумағына екі ірі аспан денесі түседі. 16 қазан күні MS26-45 сериялы метеориттер Жердің гравитациялық өрісіне жетеді және олар стратосферада жанып үлгерсе, бір бөлігі 17 қазанға қараған түні Ресей аумағына құлайды. Кейбір сынықтары Қазақстанға да жетуі мүмкін және елсіз аймаққа түсуі мүмкін».

«Сол себепті бізде нақты, сенімді ақпарат жоқ. Бүгін Жерге ғарыштан келетін қауіп-қатерлер туралы ақпараттар үнемі жаңартылып отыратын «Космическая погода» сайтын қарадым, бұл туралы еш дерек жоқ», - деп жауап берді Фесенков атындағы астрофизикалық институттағы Ай мен планеталар физикасы зертханасының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, професстор Виктор Тейфель ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
null

Профессор метеориттер туралы мұндай ақпараттың спутниктерден түскеніне күмән келтірді. «Спутниктер - метеорологиялық, Жерді қашықтықтан зондтайтын, Жерге бағытталған «тыңшы» - спутниктер. Олар ғарыш кеңістігіне емес, Жерге мониторинг жасайды. Бәлкім, «Хаббл» телескопы мен өзге де зерттеулер туралы айтылған шығар», - деп атап өтті ол.

«Хабарламада астероидтар емес, метеориттер туралы айтылғандықтан,  Жерге айтарлықтай апат келмейді. Меніңше, мұның барлығы ойдан шығарылған. НАСА-дан қандай да бір ақпарат келіп түскен шығар, бірақ бұқаралық ақпарат құралдары сенсация ретінде таратып жіберді. Соңғы кездері мұндай оқиғалар жиі кездесіп жүр», - деп профессор Тейфель өз сөзін түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар