22:01, 11 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ғалымдар Антарктидада орман қалдықтарын тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сиена Университеті ғалымдарының зерттеушілер тобы Аллан-Хиллз дөңінде, Шығыс Антаркида үстіртімен шекаралас жерде тасқа айналған ағаштардың қалдықтарын тапты.
Олардың көбі көмірге айналған, бұл 250 миллион жыл бұрын құрлықты жауып жатқан ежелгі орман түгелдей өртенген деген болжамның дәлелі іспеттес, деп хабарлайды "Италия по-русски" порталы.
Ормандардың жоғалуының екі нұсқасы бар», - деп жазады зерттеушілер. - Өрттер жанартаудың атқылауынан немесе осы аумаққа астероидтың құлауынан шығуы мүмкін».