Ғалымдар Антарктикаға мұз жеткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Антарктикада мұздықтар еріген жағдайда қажет болатын мұз қоймасын жасамақ.
None
None

Бұл жағдайда мұз үлгілері сақтауға әлемнің басқа түпкірлерінен жеткізілмек. Атап айтқанда, Антарктикаға әртүрлі тау мұздықтарынан мұз жөнелтілмек. Оларды тереңдігі он метрге жуық арнайы қоймаларда қалдырады.

Ғалымдардың пікірінше, жаһандық жылыну Антарктикаға да әсер етуіне қарамастан, ол дегенмен қандай да материалдар үлгісін сақтау үшін таптырмайтын орын болып қала бермек.

Бұдан бұрын ғалымдар соңғы жылдары антарктикалық мұздың еру үдерісі шұғыл шапшаңдай түскенін анықтады. Климатологтар жыл сайын Антарктикада қазір 56 миллион тоннаға дейін мұз еруде, деп санайды, деп хабарлады Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар