21:27, 21 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ғалымдар әйелдерге артық тамақ жегізбейтін ішкиім ойлап шығарды
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мен АҚШ ғалымдары әйелдерді артық салмақтан сақтандыратын бюстгальтер ойлап шығарды. Ішкиім тамақ жеуді қай кезде доғару керектігін ескертіп, кеңес те бере алады.

Төстартпа жүрек пен терінің жағдайын бақылайтын сенсорлармен жабдықталған. Олар адамның тойған кезін дәл анықтап береді. Алынған мәлімет смартфонның қосымшасынан көрінеді. Соған қарап, адам өзінің тамақ жеуін тоқтата алады. Ақылды бюстгальтер артық салмақтан арылғысы келетін әйелдер үшін таптырмас құрал болып отыр. Ол Саутгемптон және Рочестер университеттері қызметкерлері қолға алған «Тағам және көңіл күй» зерттеу бағдарламасы бойынша жасалған, деп жазады alashainasy.kz.