Ғалымдар: Бизнесті дамытуда ерлерге қарағанда әйелдердің жолы болғыш

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар бизнесті дамытуда ерлерге қарағанда әйелдердің жолы болатыны туралы дәлел тапты.
None
None

Сарапшылар 12 жыл қатарынан түрлі фирмалардың табысын есепке ала отыра, зерттеу жүргізген. Олар әйелдер мен ерлер басшылық еткен мерзімдерді салыстырған. Сөйтіп, компания табысы әйелдер басшылық еткен уақытта өскенін аңғарған.

Ғалымдар нәзік жандылар шыдамды, ұйымдастыру жағынан мықты әрі жауапкершілігі мол болғандықтан жақсы нәтижеге жететінін айтты.

Сондай-ақ, зерттеушілер карьерасын дамытатын әйелдердің көбі жалғыз басты болатынын атап өтті. Сондықтан жанұя бар күшті кәсіпорынды дамыту үшін жұмсауға кедергі келтірмейді, деп жазды MyJane.ru.

Соңғы жаңалықтар