04:43, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Ғалымдар: Дене белсенділігі балалардың миының жұмысын жақсартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лора Чэддок-Хейман жетекшілігімен ғалымдар тобы жүргізген зерттеу аясында Урбана-Шампейнедегі Иллиной университетінің қызметкерлері физикалық тұрғыда неғұрлым белсенді балалардың белсенділігі төмен қатарластарына қарағанда, бас миында ақ зат мөлшері артық болатынын анықтаған.

Ақ зат көлемі көп ми учаскесі есте сақтау, көңіл бөлу қабілеттеріне жауап беріп, мидың әр бөлігімен байланыс құруда негізгі рөл атқарады.
Бұл зерттеу балалардың физикалық белсенділігі мен олардың миындағы ақ заттың қасиеті арасындағы байланысты дәлелдеген алғашқы зерттеу болды, деп хабарлады "ИноСМИ". Зерттеу естеу сақтау қабілетіне жауап беретін гиппокамп сияқты мидағы жеке құрылымдарды зерделеуге, физикалық жаттығулардың олардың мөлшері мен көлеміне қалай әсер ететінін байқауға арналды. Зерттеу нәтижесі физикалық белсенділік балалардың ми белсенділігін қолдауда, білімге қабілетін арттыруда маңызды болып табылатынын көрсетті. Дене шынықтыру сабақтары мен үлкен үзіліс балалардың сабақ үлгеріміне оң әсер етуі мүмкін.