Ғалымдар сары уайымға салынуды ең қауіпті дерт деп санайды

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Сарыуайым (депрессия) арқа ауруынан кейінгі адамның жұмыс істеу қабілетін шектейтін ең қауіпті дерт болып саналады.
None
None

200-ден аса ауру түрлері мен жарақаттарды салыстырған сарапшылар осындай қорытындыға келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі психикалық ауруларды емдеу жөніндегі іс-қимылдардың жоспарын жасады. Сарыуайым - ең көп тараған психикалық күйзеліс, өмірге деген қызығушылықтың төмендеуі, қуаныш сезімінің жоғалуы, өзін өзі кінәлі сезіну және өзінің жеке мүмкіндіктеріне сенбеу, ұйқының қашуы және асқа деген тәбеттің болмауы және т.б. Бұл аурудың ең ауыр түрі адамның өзіне өзі қол жұмсауына алып келеді, деп хабарлайды Росбалт.

Соңғы жаңалықтар