Ғалымдар: Таңғы ас ішпеу балалардың оқу үлгерімін төмендетеді

Зерттеу кезінде мамандар 532 мектеп мұғалімдерімен сауалнама жүргізді. Ұстаздардың үштен екі бөлігі оқушылардың басым бөлігі сабаққа аш келетіндігін аңғарған. Орта есеппен алса, сыныптағы үш бала ғана таңғы ас ішіп жүрген. Таңғы ас ішпегендердің қатарындағы оқушылардың 73 пайызында сабаққа ынта болмаған, ал 66 пайызы тез шаршап қалса, 54 пайызында оқу үлгерімі төмен болған, 52 пайызында тәртібі нашар болған.
Сондай-ақ мұғалімдер сабаққа аш келетін оқушылар басқаларға қарағанда үнемі кешігіп жүретіндігін аңғарған. Сауалнамаға қатысқан ұстаздардың 29 пайызы бұндай балалар сабақты жиі қалдыратындығын айтқан. Ал таңғы ас беретін мектептерде нәтижелер жақсы болған. Осыларды ескере келіп мамандар таңғы ас балалардың 97 пайызының физикалық денсаулығына және 91 пайызының психикалық денсаулығына оң әсерін тигізетіндігін айтады. Сондай-ақ таңғы асты үнемі үішіп жүретін оқушылардың 83 пайызында адамдармен қарым-қатынас жақсы болғандығын айтып өтеді, деп жазады щетелдік БАҚ.