Ғалымдар үш миллиард жыл бұрын құлаған астероидты тапты

None
None
 АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат -Гренландия ғалымдары астероид құлаған орынды тапты. Ертедегі уақытта оның ауқымы астероидтікіндей үлкен болған, алайда уақыт өте келе көлемі едәуір тарылған.

Утро.ру хабарлағандай, мұндай ғылыми жаңалықты дат геологы Адам Гарде жасады. Ол көп жылдай бойы Гренландияның геологиялық құрылымын зерттеп, аралдан жоғары температура жағдайында, мәселен астероид Жерге құлаған кезде түзілетін минералдарды тапты. Зерттеу нәтижесінде Гарде шамамен үш миллиард жыл бұрын қазіргі Гренландияның аумағына, аралдың оңтүстік-батысындағы Маниитсок қаласының маңына үлкен астероид құлағанын анықтады. Қазір оның орнының диаметрі 100 шақырымды құрайды.

Ғалымдардың есептеуінше, Жерге құлаған астероидтың көлемі аса үлкен - диаметрі 30 шақырымға дейін болуы мүмкін. Құлаған астероидтың салдарынан оның орнында диаметрі шамамен 500 шақырымдай ойық қалған. Гарденің айтуынша, астероидтың құлаған жері құрғақ жер болған ба, әлде ол заманда сол жерде теңіз болған ба - әзірге бұл белгісіз.

Айта кетейік, ғылыми қоғамға астероидтың құлауы салдарынан пайда болған 180 ойық белгілі. 2 миллиард жыл бұрын пайда болған олардың ең ірісі Оңтүстік Африка аумағында орналасқан және диаметрі 300 шақырымды құрайды, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Соңғы жаңалықтар