Ғалымдар жасөспірім тәрбиесіндегі қарапайым олқылықты мықтап еске салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның 20 үздік жоғары оқу орындарының құрамына кіретін Сассекс университетінің зерттеушілері 11 мен 19 жас аралығындағы 409 ерікті жасөспірімді арнайы ғылыми зерттеу жұмысына қатыстырды. Ғылыми жұмыстың ерекшелігі, барлық қатысушылар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар болды. Ғалымдар олармен қобалжу, күйзелістен шығу туралы сауалдар төңірегінде сөйлесіп, тәрбие жұмысындағы қарапайым тәсілді ғылыми түрде дәлелдеп берді, деп жазады The Daily Mail.
None
None

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу жұмысы барысында ер балалар күйзелістен шығу үшін бір адал досы керек екенін айтса, қыздар көбінесе жақын досы, құрбысы бола тұра есірткі қабылдап, ішімдік ішіп қайғысын жеңілдетуге тырысқанын айтып берген. Мамандардың айтуынша, қыз балалар қиыншылыққа кезіксе, көбіне өзін кінәлі санайды, ал, ер балалар өзін кінәлі санағаннан гөрі қиындықты жеңудің басқа тәсілдерін қарастырады. Мұндайда отбасының қолдауы да маңызды. Өйткені, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан жастар ақшалы отбасылардың балаларына қарағанда, мүмкіндіктері аз, денсаулықтары нашарлау келеді. Сондықтан, ондайда жақын достың керектігін ұмытпау керек. Сонда ғана олардың өзіне сенімі күшейеді. Бұл тек, кедей балалар үшін ғана емес, баршасына да ортақ деген ғалымдар баланың тиянақсыз, әр ортада бір жүргенін тыйып, бір жақын досымен сырлас болуға үйрету керек деген тұжырым жасаған.

Соңғы жаңалықтар