Ғалымдар: жемістер мен көкөністерді қалай жеген жөн?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарапшы Лоренс Бикеннің пікірінше, жемістер мен көкөністерді тамаққа қосу кезінде адамдардың көбі ең пайдалы бөліктерін алып тастайтын көрінеді, деп хабарлайды Day.Az.
None
None

Мәселен, пияздың қабығы мен брокколи жапырақтарын тастамауға кеңес береді. Пияздың қабығынан көп кверцетин табуға болады. Ол қан қысымын төмендетіп, қан тамырларының бітеліп қалуының алдын алады. Сонымен бірге кверцетиннің қабынуға қарсы және антигистаминдік қасиеттері бар. Яғни, ол аллергияны емдеуге көмектеседі. Егер етті пиязбен дайындаса, онда қуырылған етте канцерогендер құрамын азайтуға болады.

Ал, қауынның қабығында цитруллин бар. Онда қанның дұрыс айналуын қолдап, қан тамырларын кеңейтетін амин қышқылдары бар. Цитруллин серповидті-ағзалық анемия жағдайын жақсартады.

Апельсиннің қабығы - өзек, флавоноидтар мен дәрумендердің қайнар көзі. Оның сыртқы қабығының құрамындағы д-лимонен қыжылды азайтып, ас қорытуды жақсартады. Онда С дәруменінің көп болуы респираторлық инфекциялармен күресуге көмектеседі. Қабықтан жасалған экстрактты (сірінді) бактерияларға қарсы тазалау құралы , майды кетіретін зат немесе антирепеллент ретінде пайданалуға болады. Апельсин қабығы - тістің табиғи ағартқышы. Қабық астындағы ақ заттың 4 сағатқа дейін ашығуды басу қасиеті бар.

Соңғы жаңалықтар