Гамбургте зардап шеккен полицейлер қатары 200-ге жетті

«Зардап шеккен полицейлердің бізге белгілісі - 196 делінген», полицияның Туиттердегі жазбасында.
Бұған дейін «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне байланысты жаһандану үдерісіне қарсылардың ұйымдастырған шеруі кезінде 160 полицей жапа шекті делінген болатын. Гамбург полициясы тәртіпсіздіктер барысында 83 адам ұсталып, 19 адамның қамауға алынғанын мәлім етті. Бастапқы дерек бойынша қарсылық акциясына бір жарым мыңға жуық адам қатысуда.
Тәртіпсіздікке қатысатындар көліктерді өртеп, дүкен витриналарын қиратып, көшеде баррикадалар тұрғызуда. Ереуілшілер бетперде киіп, тәртіп сақшыларына тас, петард және бөтелке лақтырған. Полиция шерушілерді көлікке орнатылған су атқылайтын насос көмегімен бетін қайтаруда.
Еске сала кетсек, «үлкен жиырмалықтың» саммиті кеше, 7 шілдеде Гамбургте басталды.