16:35, 21 Қазан 2025 | GMT +5
Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарында Үндістаннан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.
Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне тойлады. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын қапы қалдырған болатын.