Ғани Қасымов Қапшағайдан жаңа әуежай салу мәселесін көтерді

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғани Қасымов Қапшағай қаласынан жаңа әуежай салу мәселесін көтерді.
None
None

«Үкіметте бұған дейін Қапшағай қаласында жаңа әуежай салу мәселесі бірнеше дүркін талқыланғаны белгілі. Бұл жоба перспективалы әрі Алматы қаласындағы әуежайға түсетін ауыртпашылықты жеңілдететін мүмкіндігі ескеріліп, аса қажетті нысан ретінде қарастырылып келген еді. Алайда, қаржылық қолбайлау проблемасынан бұл жоба жүзеге аспай қалғаны белгілі», - дейді сенатор Ғани Қасымов.

Осыған орай, депутат Үкімет отырысында аса қажетті саналатын әуежай құрылысы мәселесін тағы бір мәрте қарауды сұрайды. Оның айтуынша, Қапшағай қаласында әуежай салынатын болса, нысан жаңа жүк айналымын арттырып, транзиттік авиатасымалды дамыту міндетін шешіп қана қоймай, қолайсыз ауа райы туындаған шақта Алматы аэроторабы үшін қосымша аэродром рөлін де атқарар еді.

«Бұнымен қоса, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу аясында шетелдік азаматтар мен туристердің мол нөпірін ескерсек, жаңа әуежай біздің еліміздің авиациялық саласын одан әрі дамытуға тың серпін берер еді», - дейді Ғ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар