Ганноверде неміс жанкүйері итальяндықтарға оқ жаудырды: қаза тапқандар бар

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат - Ганновердің пабтарының бірінде (Германия) футбол жанкүйерлерінің қақтығысы болып, бір адам қаза тауып, бір адам түрлі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,
None
None

деп хабарлайды РБК.

Белгілі болғандай, Ганновердің танымал пабында 42 жасар неміс азаматы травматикалық тапаншадан екі итальяндық азаматқа оқ жаудырған. Ер азаматтар футболдан әлем чемпионатындағы болашақ жеңімапз жөнінде келіспей қалған сыңайлы. Кикілжіңнен кейін неміс жанкүйері бардан шығып кетіп, аз уақыт өткен соң жергілікті полицияның таратқан мәліметіне сүйенсек, шабуыл нәтижесінде бір итальяндық сол жерде көз жұмып, екіншісі түрлі дене жарақатарын алды.

Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіп сақшылары оқиға орнынан ізін суытып үлгерген қылмыскерді іздестіру үстінде. Полицейлер құқық бұзушыны оқиға куәгерлерінің берген анықтамаларына сәйкес ізін суытпай ұстайтынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар