08:32, 09 Шілде 2009 | GMT +5
«Гарри Поттердің» кезекті премьерасы болды
ЛОНДОН. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат -Лондонда «Гарри Поттер» кезекті фильмінің премьерасы өтті. Бұл жас сиқыршының басынан өткен шытырман оқиғалар туралы туындының алтыншы бөлімі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Басты рөлдерде көрермендерге танымал актерлер Дэниел Рэдклифф, Руперт Гринт және Эмма Уотсон ойнайды.
Ал Гарри Поттер туралы 7 кітаптың авторы Джоан Роулинг Forbes журналының нұсқасы бойынша ең көп табыс табатын жазушылардың ондығын бастап отыр. Жазушы бір жылдың ішінде 300 миллион доллар тапса, ондыққа кірген қалған 9 жазушының барлығы 263 миллион доллар табыс тапқан. Роулинг ханымның Гарри Поттер туралы соңғы, жетінші кітабы 44 миллион дана тиражбен тараған, оның 15 миллионы сатылымға шығарылған алғашқы 24 сағатта сатылып кеткен. Жазушының байлығы қазір 4,5 миллиард долларға жетіп отыр.