Ғарыш саласын қаржыландыру қажеттілігі жыл сайын 300 млн. долларға бағаланады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның ғарыш саласын қаржыландыру қажеттілігі жыл сайын 300 млн. долларға бағаланады.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

«Біздің есептеуіміз бойынша еліміздегі ғарыш саласын дамыту, сондай-ақ осы саланың қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 300 млн. доллар қаражат қажет. Бұл көрсеткіш, мәселен, Израильмен салыстырғанда соншалықты қомақты да емес. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі бюджеттік қаржыландыруда тапшылық көріп отыр», - дейді Т. Мұсабаев.

Соңғы жаңалықтар