Ғарыш саласының мамандары қазақ тілі курстарын аяқтағаны туралы сертификаттар алады

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ үшінші жыл қатарынан қазақ тілін үйрену бойынша курстарын өткізіп келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алғашқы екі жыл бойы сабақтарды Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының оқытушылары өткізіп келді. Биылғы жылдан бастап ғарыштық компанияның қызметкерлері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік мамандарынан мемлекеттік тіл бойынша дәріс алды.

«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ аударма бөлімінің бастығы Шолпан Малғаждарованың хабарлағанындай, үш жыл ішінде компанияның Алматыдағы және Астанадағы кеңселерінде 175 адам қазақ тіліін оқып-үйренді, ал сертификаттар тек 101 адамға ғана берілген. «Тіл білуге деген құштарлық айрықша, қазақ тілі еліміз және біздің компания өмірінде өзінің лайықты орнына ие болды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар