Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ғасырдың ортасына таман Қазақстан өндірістік активін толығымен жаңартып, жаңа технологиялық стандарттарға көшеді - ҚР Президенті

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ғасырдың ортасына таман Қазақстан өндірістік активін толығымен жаңартып, жаңа технологиялық стандарттарға көшеді.

Ғасырдың ортасына таман Қазақстан өндірістік активін толығымен жаңартып, жаңа технологиялық стандарттарға көшеді - ҚР Президенті

Бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Жаңа бағыттағы экономикалық бағдарымыз жалпы қамтылған прагматизмге негізделеді. Бұл - табыстылық қағидаттары, инвестиция тарту, бәсекеге қабілеттілік. Ал ішкі, сыртқы экономикалық қызметке келсек, мемлекет бірыңғай корпорация ретінде басқарылады Біз экономикалық жаңғырту жұмыстарын, индустриялық-инновацияны жалғастырамыз»,-деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы аталған бағдарламаның 3 жыл бойы атқарылып келе жатқанын және оның жеміс бере бастағанын атап өтті. Бағдарлама арқасында 550 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 330 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.

«Бағдарлама кеңейіп жалғасатын болады. Ғасырдың ортасына таман Қазақстан өндірістік активін толығымен жаңартып, жаңа технологиялық стандарттарға көшеді»,-деді Н. Назарбаев.