14:15, 09 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Гауһар Әлімбекова тұрмысқа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қыз сезімі», «Ақ келін», «Келінге өсиет» әндерімен қалың көпшілікке танылған әнші-сазгер Гауһар Әлімбекова қырық бес жасында өз бақытын кезіктіріп, тұрмыс құрды. Бұл туралы әнші «Ұят емес» бағдарламасында мәлім етті, деп жазды juldyz.kz.

Әнші өзінің тұрмысқа шыққанын, бірақ әлі үйлену тойы болмағандықтан, бұл жаңалығын тыңдармандарымен бөлісуге асықпағанын айтты.
«Күйеуім шығармашылық адамы емес, десе де маған қолдау білдіріп, түсіністік танытатын жан», - деді әнші.