Газ баллонының жарылуы салдарынан бір адам қаза тапты

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Зырян ауданында жеке үйлердің бірінде жарылыс болды.

 Газ баллонының жарылуы салдарынан   бір адам  қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұрмыстық газ баллоны жарылған және соның салдарынан ағаштан салынған үй мен қора-қопсы өртенген.

Өрт 4 сағаттан кейін сөндірілді, өртенген аумақ 80 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 54 жастағы ер азаматтың денесі табылды.