Газа бойынша келісімнің екінші кезеңі туралы келіссөз күрделі деңгейге өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Израильге қысым жасауы аясында делдалдар ХАМАС-пен байланыстарын күшейтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңі бойынша талқылаулар күрделі кезеңге өтті. Бұл туралы Asharq Al-Awsat газеті ХАМАС дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Палестина қозғалысы делдардардың Вашингтон мен Тель-Авив арасындағы келісімдерге қол жеткізілген соң осы айдың соңында немесе келесі айдың басында өтуі мүмкін жанама келіссөздің жаңа кезеңі басталғанын растауын күтіп отыр.
Соңғы күндері Доха, Каир және Ыстанбұлда ХАМАС өкілдері мен делдалдар арасында екіжақты және үшжақты кездесулер өтті, бұл ретте консультациялар тұрақты режимде жалғасып келеді.
Екінші кезеңге өтудің параметрлерін келісу үшін келесі раундтар жоспарланып отыр.
Газет сілтеме жасаған дереккөздердің айтуынша, Газа секторында соңғы израильдік кепілге алынған адамның сүйегін іздеу жұмыстары жалғасып жатқанына қарамастан, Израильдің келесі кезеңге көшуді кейінге қалдыруға «жеткілікті негізі» жоқ.
Израиль қазіргі уақытта Трамптың жоспарының бірінші кезеңі аясында Газа секторының 53%-ын бақылауында ұстап отыр, бұл кезеңге анклавтағы содырлар ұстаған кепілге алынғандар мен Израиль ұстаған палестиналықтарды босату кірді. Денесі табылып, тапсырылуы тиіс соңғы кепілге алынған адам – 2023 жылдың 7 қазанында Израильге анклавтан басып кірген содырларға қарсы әскери қақтығыс кезінде қаза тапқан израильдік полиция қызметкері.
Израиль бұл операцияның аяқталғанын талап етіп отыр, бірақ делдалдар оның өте күрделі екенін мойындайды. Мысырдың инженерлік топтары соңғы кепілге алынған адамнан басқа барлық сүйектерді табуға көмектесті, оны іздеу жұмыстары Израиль мен делдалдар арасындағы үйлестіруден кейін осы аптада Зейтун ауданында қайта басталды.
- Біз оны қуып шығарамыз, - деді Нетаньяху.
Палестинааралық келіссөз
Осы арада ХАМАС және басқа да палестиналық фракциялар Каирде барлығын тегіс қамтитын кешенді ұлттық кездесуге дайындалып жатыр. Күн тәртібінде Газа секторын болашақта басқару, мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру және қарулы құрылымдар мәселесі бар. Оған -Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Палестина әкімшілігі – ФАТХ өкілдері қатысатыны қарастырылған.
ХАМАС басқаруды келісілген технократиялық комитетке беруді «ең оңай» қадам деп санайды және оны дереу жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді. Палестина қозғалысы сондай-ақ халықаралық кепілдіктер бойынша қаруды қолдануға тыйым салумен бірге атысты кемінде 10 жылдық мерзімдге тоқтатуды ұсынды.
Халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыру және палестиналық фракциялардың қару-жарақты сақтау тетіктері бойынша нақты ұсыныстар да талқыланып отыр.
ХАМАС, басқа палестиналық фракциялар және араб делдалдарының қару-жарақты Палестина құрылымы басқаратын және олардың Израильге немесе АҚШ-қа берілуіне жол бермейтін халықаралық кепілдіктер беретін формулаға қатысты келісушілік артып келеді. Бұл тәсіл Палестина мәселесі бойынша кең ауқымды саяси процестің бөлігі болмақ.
Екінші кезең жақындап қалды
АҚШ президенті Дональд Трамп желтоқсан айының соңында Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, Газа жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыруды талқылайды деп күтіліп отыр.
Нетаньяху жақында АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жоспарының екінші кезеңі жақындап қалғанын мәлімдеді, бірақ көпұлтты қауіпсіздік күштерінің орналастырылуын қоса алғанда, бірнеше маңызды мәселені шешу қажет екенін ескертті.
Бұған дейін Трамп Рождествоға дейін Газадағы бейбітшілік процесінің II кезеңі басталғанын жарияламақшы екенін жазған едік.
Ал Қатар премьер-министрі Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі қай кезеңде тұрғанын және тұрақты бейбітшілікке қарай жылдам ілгерілеу болмаса, «ыдырауы» мүмкін екенін ескертті.