Газа секторында қаза тапқандар саны 413 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбі күні таңертең Израильдің Газа секторының бір бөлігіне жасаған әуе шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 413-ке жетті. Бұл туралы анклавтағы денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Құрбандар
Фото: Анадолы

Агенттіктің баспасөз мәлімдемесінде Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан тағы кемінде 562 палестиналық жарақат алғаны айтылды.

Зардап шеккен бірнеше адам әлі де үйінді астында жатқаны, қазір оларды шығару жұмыстары жүріп жатқаны атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Газа секторында қаза тапқандар саны 250 адамнан асқанын жазған болатынбыз. Израиль Газаға бір мезгілде ескертусіз соққы жасап, тұрғын үйлер мен мектептерді қиратқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар