Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесі күйреу алдында тұр
АСТАНА. KAZINFORM — Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық талдауларға арналған зертханалық материалдардың 86%-ы толықтай таусылған. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.
Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесі қазір апаттық жағдайдағы тапшылықпен жұмыс істеуде. Бұл жөнінде Газа Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылған.
Ведомство дерегіне сәйкес, медициналық талдаулар, диагностика және қан құюға қажет зертханалық материалдар мен компоненттердің 86%-ы толығымен таусылған.
Министрлік халықаралық ұйымдарды жедел түрде қан қоры мен зертханалық жабдықтарды жеткізуге шақырды.
2026 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша негізгі дәрі-дәрмектердің тапшылығы 50%-ға жеткен.
Мұндай жағдай Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесінің толық күйреуіне әкелуі мүмкін екені атап өтіледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус та жағдайдың әлі де өте ауыр екенін мәлімдеді.
Ол Газа бойынша денсаулық сақтау қажеттіліктері «өте ауқымды» екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Тедрос негізгі дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін шұғыл әрі кедергісіз гуманитарлық қолжетімділік ашуға шақырды.
Бұған дейін ДДҰ қызметкерінің қаза табуына байланысты Газа секторынан пациенттерді медициналық эвакуациялау уақытша тоқтатылған болатын.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) қызметкердің бірінің қазасына байланысты Газа секторынан науқастарды медициналық эвакуациялауды тоқтатқан еді.