Газа секторындағы құрбандар саны 51 266-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль армиясының 2023 жылғы 7 қазаннан бері жасап жатқан шабуылдарынан қаза тапқандар саны 51 266 адамға жеткен, деп жазады Анадолы.

Газа секторындағы құрбандар саны 51 266-ға жетті
Фото: Анадолы

Кейінгі тәулікте 26 палестиналықтың мерт болғаны хабарланды.

Сондай-ақ министрлік соңғы 24 сағатта 60 адамның жарақат алғанын, олардың барлығы аймақтағы ауруханаларға жеткізілгенін мәлімдеді.

2024 жылғы 18 наурыздан бері, яғни 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімі бұзылғаннан кейінгі кезеңде қаза тапқандар саны 1 890 адамға, жараланғандар саны 4 950 адамға жеткен.

– Жалпы, 2023 жылдың 7 қазаннан бастап бүгінге дейін Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 51 266 палестиналық көз жұмып, 116 991 адам жарақат алды, - деп қосты ведомство.

Ресми мәліметке сәйкес, қирандылар астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатыр.

Айта кетейік, БҰҰ Газаға 50 күннен бері гуманитарлық көмек жеткізілмей жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар