Газа секторында БҰҰ жазғы лагеріне шабуыл жасалды

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Газа секторындағы БҰҰ-ның жазғы лагері жексенбі күні белгісіз біреулердің шабуылына ұшырады,

Газа секторында БҰҰ жазғы лагеріне    шабуыл  жасалды

деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігінен.

Дерек көздің ақпараты бойынша, өткен түнде бетперде киген және қаруланған 20 шақты адам БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігі палестиналық босқындарға көмектесу үшін ұйымдастырған «Жазғы ойындар» балалардың демалыс үйіне басып кіріп, сойқан ұйымдастырған.

Шабуылдаушылар жолдарындағының бәрін қиратын, шатырларды, басқа да мүліктерді өртеген. Ал лагерь келесі айда ашылып, жаз айларында 250 мыңдай палестиналық балаларды қабылдауы тиіс болатын.

Әлгі қаскөйлер оқиға орнында қоқан-лоққы жазылған хат қалдырған.