Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауы израильдық қоршауды шұғыл тоқтатуды талап етеді - Еуропарламент делегациясының басшысы
Оның айтуынша, израиль қоршауы Газа секторының халқын толық оқшаулап тастады, соның салдарынан тұрғындардың 80 пайызы сырттан азық-түлік көмегіне мұқтаж болып отыр. Бұл жағдай «қара базарлардың» көбеюіне және әртүрлі радикалдық топтардың пайда табуына соқтырып отыр. «Халықтың гуманитарлдық көмекке қол жеткізуіне, аймақтағы жағдайды жеңілдетуге, сондай-ақ палестиналықтардың қалыпты экономикалық жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік беру үшін қоршауды жою қажет», - деді Е.Жоли.
Еуропарламент делагациясының басшысы Еуропалық Одақ қоршауды алу мәселесіне және Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіру үдерісін бастауға бастамашы болуы керек. «ЕО бұл үдеріске белсене араласып, бейбіт реттеуге шынайы қатысушы болуы тиіс», - деп атап көрсетті Е.Жоли.