Газадағы атысты тоқтату: Израиль ХАМАС-тан жауап алғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM - Израиль Газа секторында атысты тоқтату туралы соңғы ұсынысқа палестиналық ХАМАС радикалдық қозғалысынан жауап алғанын растады, деп хабарлайды ТАСС.

Газадағы атысты тоқтату: Израиль соңғы ұсынысқа ХАМАС-тан жауабын алғанын айтты
Фото: Анадолы

Израильдік Ynet ақпараттық порталының хабарлауынша, израильдік шенеунік Израиль делдалдары арқылы ХАМАС-тан жауап құжат алған және «оның егжей-тегжейі зерттеліп жатыр» деп растады.

Бұған дейін ХАМАС делдалдарға оң жауап бергенін және талқыланған ұсынысты жүзеге асыру туралы келіссөздерді дереу бастауға дайын екенін хабарлады. Мұндай шешім, радикалдар атап өткендей, «барлық Палестина фракциясымен консультациялар аяқталғаннан кейін» қабылданды.

Жұма күні Al-Ghad телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, ХАМАС үш даулы мәселе бойынша «өзінің жаңа көзқарасын» ұсынатынын және 60 күндік бітім аяқталғаннан кейін «атысты тоқтатуды міндетті түрде 30 күнге ұзартуды талап етпейтінін» хабарлады. Алайда қозғалыс әлі де Газа туралы «соңғы келісімге қол жеткізілгенге дейін келіссөздерді жалғастыру» қажет деп санайды.

Al-Ghad сонымен қатар ХАМАС «азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін белгілі көлемде» анклавқа гуманитарлық көмек әкелуді талап ететінін атап өтті.

Сәрсенбі күні радикалдарға жақын Maan агенттігі Газаға қатысты жаңа ұсыныс атысты 60 күнге тоқтатуды, 10 кепілге алынған адамды босатуды, 18 кепілге алынған адамның мәйітін израильдік тарапқа беруді және Израиль армиясының отрядтарын бұғатталған анклавтың оңтүстігіндегі «Мораг» (Рафах пен Хан-Юнис қалалары арасында орналасқан) сызығынан шығаруды көздейтінін хабарлады.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон өкілдерімен кездесуінде Израиль Газа секторында екі айлық атысты тоқтатуға қажетті шарттармен келіскенін айтты.

Соңғы жаңалықтар