Газадағы құрбандар саны 51 мыңға жуықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің блокададағы Газа секторына жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 50 944-ке жетті. Бұл туралы Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Анадолы.

Газаға құрбандар саны 51 мыңға жуықтады
Фото: Анадолы

Соңғы тәулікте аймақтағы ауруханаларға 111 жаралы мен қаза тапқан 11 адамның денесі жеткізілген. Палестина эксклавында 2023 жылдың 7 қазанынан бері жараланғандардың жалпы саны 116 156-ға жетті. Мыңдаған құрбандардың денесі қираған ғимараттардың үйінділері астында жатыр, деп қосты ведомство.

Израиль армиясы 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімі аяқталғаннан кейін 18 наурыз күні таңертең блокададағы Газа секторына қарқынды шабуылдарын қайта бастады. Содан бері шабуылдарда 1574 адам қаза тауып, 4115 адам жарақат алды.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль әл-Ахли ауруханасындағы ХАМАС-тың қолбасшылық орталығына шабуыл жасағанын жаздық.

Израильдегі оқытушылар мен әскери дәрігерлер Газадағы шабуылдарды тоқтатуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар