Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Газдың сыртқа жайылуы үйдегі жарылысқа соқтырды - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. 22 маусым. ҚазАқпарат - Алдын ала болжам бойынша газдың шығуы салдарынан жинақталған ауа-газ қоспасы Қарағандыдағы үйдегі жарылысқа соқтырды.

Газдың сыртқа жайылуы үйдегі жарылысқа  соқтырды - Қарағанды

Бұл туралы облыстық ТЖД «Апатты-құтқару жұмыстары мен өртті сөндіру қызметі» ММ басшысының орыбасары Нұрмұхамед Интуев мәлім етті.

«Үй орталық газбен жабдықтауға қосылған. Бұхар жырау даңғылы бойындағы №45 үйдің №17 пәтерінде газдың шығуы салдарынан жинақталған ауа-газ қоспасы атылып, соңы өртке ұласқан оқиғаның себебі болуы мүмкін», - деді Н. Интуев.

Оның сөзіне қарағанда, үйде салмақ түсіретін қабырғалар болмағанда төтенше жағдайдың ауқымы одан да зор болатын еді.

«Үй ағаштан жасалған құрастырмалы қалқаннан тұрады. Егерде салмақты ұстап тұратын қабырғалар болмағанда, ғимаратқа айтарлықтай зақым келтірілетін еді», - деді апатты-құтқару және өртті сөндіру қызметі басшысының орынбасары.

Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, жарылыстың салдарынан үйдің 4 пәтерінде бекітпе құрылғылар бүлінді.

«Газдың шығуынан болған жарылыстың салдарынан кіреберістегі барлық пәтерлердің терезелері сынды. Үйдің жанында тұрған «БМВ» көлігіне  зақым келді», - деп атап өтті Н. Интуев.

ТЖД берген ақпарат бойынша, 4 жәбірленушіні 30-40 пайызға күйік шалған. Сондай-ақ егде жастағы әйел қалқандардың астында қалып қойған. Дәрігерлер көмек көрсетті, оның қабырғалары сынған.

 «Оқиға  орын алған жерде қазіргі уақытта сынау зертханасының қызметкерлері бар тексеру-жедел тобы жұмыс істеуде. Арнайы комиссия болған оқиғадан келтірілген шығынды толығымен есептеп, анықтайды», - деп түйіндеді ол.