«Газпром» түркімендік газды сатып алудан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Газпром экспорт» ЖШҚ ресейлік компаниясы «Түркіменгаз» мемлекеттік концернін түркімендік табиғи газды сатып алуды доғаратыны жайлы ескертті, деп хабарлады Утро.ру түркімендік мемлекеттік концерннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Хабарламада аталып өтілгендей, мұндай шешімге халықаралық газ нарығындағы өзгерген жағдаят пен «Газпром экспортта» туындаған экономикалық және қаржы мәселелері түрткі болды.

«Түркіменгаз» жоғарыда айтылғанды хабарлай отыра, «Газпром экспорт» ЖШҚ-мен екі экономикалық субъект арасындағы шаруашылық қатынастармен байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге дайын екенін хабарлады», - делінген түркімендік газ ведомствосы баспасөз қызметінің хабарламасында.

2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарысқа дейін Ресей түркімендік табиғи газдың басты сатып алушысы болған. Сол кезде Түркіменстан Ресейге жылына шамамен 50 миллиард текше метр табиғи газ жеткізген. Дағдарыс бұл көрсеткішті жылына 10 миллиард текше метрге дейін, ал 2015 жылы 4 миллиард текше метрге дейін қысқартты.

Соңғы жаңалықтар