Геннадий Головкин Котто - Гил жекпе-жегін тамашалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 6 маусым күні Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтетін бокс шоуына барады, деп жазды Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында Головкиннің промоутері Том Леффлер.
None
None

Аталған бокс кешінің басты оқиғасы WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы чемпион, пуэрторикандық Мигель Котто мен австралиялық Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жек болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин Котто титулына міндетті үміткер болып табылады. Алайда Гилдің промоутері Гэри Шоу Коттомен арадағы келісімшартта "австралиялық боксшы жеңген жағдайда ол пуэрторикандыққа көп ұзамай қарымта жекпе-жек өткізуге келісім беруі тиіс" деп жазылғанын айтты. Егер Котто бұдан бас тартса, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережелері бойынша Гил өзін 2014 жылдың шілдесінде нокаутпен жеңген Головкинмен рингте кездесуі тиіс, деп жазады Vesti.kz.

Соңғы жаңалықтар