Геология комитеті алаяқтық сипаттағы қоңыраулардан сақтануға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM — Геология комитеті мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ қызметкерлеріне алаяқтық қоңыраулар туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Геология комитеті алаяқтық сипаттағы қоңыраулардан сақтануға шақырды
Фото: Gov.kz

Геология комитетінде және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да өздерін басшылық құрам немесе құрылымдық бөлімше қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдардан күмәнді телефон қоңыраулары тіркеліп жатыр.

— Мұндай қоңыраулар барысында қызметтік мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылып, немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайтын ақпарат сұралуы мүмкін. Осыған байланысты мекеме қызметкерлеріне сақ болу, алынған ақпаратты міндетті түрде тексеру және ресми емес байланыс кезінде жеке деректерді, сондай-ақ қаржылық мәліметтерді бермеу жөнінде ескерту жасалды. Мекеме басшылығы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық банк алаяқтықты ерте анықтау үшін жасанды интеллектіні енгізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар