10:19, 20 Наурыз 2017 | GMT +5
Георгий Шейко спорттық жүрістен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтуде.
19 наурыз күні ерлер мен әйелдер 20 шақырымдық қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды dodasport.kz.
Бұл сында 27 жасар Оралдық спортшы Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды. Спортшымыз қашықтықты 1:20,47 аралығында бағындырып, өзінің жеке рекордын орнатты.
Ким Хьюн Суб (Корея) - 1:19.50
Георгий Шейко (Қазақстан) - 1:20.47
Ирфан Колотум Тоди (Үндістан) - 1:20.59
Әйелдер арасында отандасымыз Полина Репина алтыншы орынды қанағат тұтты. Бұл сайыста 1:30,21 уақытымен Қытай спортшысы Ванг На жеңіске жетті.