Герасименко Азия кубогының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдағы халықаралық жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко жеңіске жетті. 

Герасименко
Фото: Тұрар Қазанғапов

Отандасымыз үстел теннисінен Азия кубогының топтық кезеңіндегі бірінші ойынында саудиялық Әли Әлхадравиден 3:0 (11:5, 11:5, 11:9) есебімен басым түсті. 

Оның қарсыластарының қатарында Сян Пэн (Қытай) мен Чан Ю-Ань (Тайбэй) секілді үздік теннисшілер бар. 

Айта кетейік, топтан тек бір спортшы плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бұған дейін үстел теннисінен Азия кубогында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар