Германия АҚШ елшісінен тыңшылыққа қатысты түсінік беруді талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ГФР СІМ өкілі Мартин Шефер осы аптада Wikileaks ұйымы жариялаған ақпарат жайында нақтырақ айтқанда, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ГФР Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді аңдығаны туралы дерек жан-жақты тергелуі тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлады Newsru.com.
None
None

«Жарияланымның деректерін біз нақты зерделеп, назарға алдық», - деп мәлімдеді Шефер. Оның айтуынша, бұл тексеруді қажет етеді, себебі Wikileaks немесе осы тәріздес платформалардың хабарлағанына көзсіз сене салуға болмайды. «Алайда, бұл егер шын болса, онда олар қателік жасады», - деп мәлімдеді ол. «Wikileaks» және «Sueddeutsche Zeitung» газетіндегі жарияланымға қатысты статс-хатшы (Штефан) Штайнляйн кеше АҚШ елшісі Эмерсонмен байланысты», делінген ақпарт көзі таратқан мәлімітте. Ол аталған мәселе және өзге де жағдай бойынша АҚШ тарабы тергеу жүргізіп, түсінік беру қажеттігін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар