Германия мен Қазақстан экономикалық кооперацияны жалғастыруда

МАГДЕБУРГ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Ақпанның 3-і күні Германияның Экономика және технологиялар министрлігінің ресми сайтында Берлинде өткен неміс-қазақстан форумы туралы материал жарияланды. ҚазАқпарат сол материалды оқырман назарына ұсынады.
None
None
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының министрі Михаэль Глосс кеше Берлинде бірлескен неміс-қазақстан экономикалық форумын ашты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Германияның Экономика және технологиялар министрі М.Глосстың және оның қазақстандық әріптесі Бақыт Сұлтановтың ресми мәлімдемелерінің негізгі түйіні ? «Екіжақты экономикалық ынтымақтастықты, тіпті дағдарыс кезінде де жалғастыру керек», дегенге сайды.АҚШ пен Еуропаға дағдарыстың келгеніне қарамастан, Қазақстан неміс өнімдері өткізілетін маңызды рынок болып қалып отыр. 2008 жылы екі елдің бірлескен сыртқы сауда айналымы 6 миллиард еуродан асқан. Бұл дегеніміз, 10 пайыздық өсімді көрсетеді. Осылайша, Германия Орталық Азиядағы сауда операцияларының 90 пайызын Қазақстанмен жасап отыр. Елдің энергиямен кепілдікті қамтамасыз етілуі үшін Германияға қазақстандық мұнайды сатып алудың маңызы зор. Қазақстан Германияға мұнай жеткізуші елдердің тізімінде бесінші орында тұр. Ал Германия кезегінде өзінде өндірілетін жоғары сапалы жабдықтарды жеткізе отырып, Қазақстанға қолдау көрсете алады. Осылайша, қарастырылып отырған екіжақты сауда-саттық қатынасының келешегі кемел. Неміс-қазақстан экономикалық форумының аясында герман және қазақстан үкіметтері мен кәсіпорындарының 400-ден астам өкілі экономика саласында бірлесіп жұмыс істеудің мүмкіндіктерін талқылады. Неміс және қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында көптеген келісімдер мен шарттарға қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар